КӨКТЕМ

lat: KÓKTEM /161/

зат. 1 . Қыстан кейін келетін жыл мезгілі .

Япырай!

Неткен көктем ! Көктем! Көктем!

Дүние-ау, сен осылай көкпеңбек пе ең?!

Мәңгі-бақи түлеген қаз қалпында,

Табиғат, керемет ең неткен, неткен?! (1,228).

Су тасып, көктемде өзен тулағанда,

Жаз келіп, жасыл орман шулағанда,

Күз болып, жапырақтар қурағанда, қыс тұрып, аяз бетті тырнағанда (2,136).

2 . ауыс. Жастық шақ .

Ей, менің көктемім !

Көктемім қимас өткенім,

Ей, менің қиын өткелім!

Қиналмай қалай өткемін?!

Қалайда-қалай кеткемін?!

Қырыққа қалай жеткемін?! (2,237).

Жаңа жарылған, жауқазын едің көктемде .

Жылысып жазың өткен бе?

Лапылдап тұрған,

Жалын еді ғой өрт кеуде,

Тәйір алғырлар,

Танымай сені кеткен бе?! (3,126).